Бүгін екі қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

26 қазанда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Кazinform. 

Фото: Kazinform

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, бейсенбі күні Алматыда және түнде Атырауда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.