Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттар әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпал етеді.
Соның салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: күн күркірейді, бұршақ және дауылмен бірге жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта қатты жаңбыр жауады.
Тек елдің батысында ғана жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыс, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Алматы және Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады.
Еліміздің барлық дерлік өңірінде жоғары өрт қаупі бар.