Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

Фото: Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК мамандары ел аумағында 2024 жылғы 3 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Дерекке қарағанда, Скандинавия түбегі аудандарынандағы циклонның әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 

- Жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, түнде республиканың шығысында қатты қар жауады. Елдің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, боран мен жел күшейеді, - деп жазды синоптиктер.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды.