«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 23 қазан сағат 08:00–дегі жағдай бойынша шектеулер Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында қолданылған.
Ақмола облысы
— «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30–92 шақырымында (Жібек Жолы АПП — Қарағанды облысының шекарасы) жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қарағанды облысы
— «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92–164 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау АПП) жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
— «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Бұғаз» автожолының 60–265 шақырымында (Ботақара кенті — Бақты кенті) шектеу бар.
Шығыс Қазақстан облысы
— «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолының 15–105 шақырымында (Белоусовка кенті — Риддер қаласы) тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне, сондай-ақ жазғы дөңгелекпен жүрген барлық автокөлік түріне шектеу енгізілді;
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1089–1191 шақырымында (Өскемен қаласы — Шемонаиха қаласы) жазғы дөңгелекпен жүрген барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді;
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1194–1212 шақырымында (Шемонаиха қаласы — РФ шекарасы) жазғы дөңгелекпен жүрген барлық автокөлік түрі үшін шектеу енгізілді;
— «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнарлары» автожолының 7–166 шақырымында (Ушановское ауылы — Алтай қаласы) жүк көліктері мен жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктер үшін қозғалыс шектелді;
— «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнарлары» автожолының 437–450 шақырымында (Қараайрық ауылы — «Рахман қайнарлары» санаторийі) орташа жөндеу жұмыстарына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Абай облысы
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 971–1013 шақырымында (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы) жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктердің барлық түрі үшін шектеу енгізілді;
— «Өскемен — Семей» автожолының 103–198 шақырымында (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы — Семей қаласы) шектеу қолданыста.
Болжам бойынша түнде және таңертең Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай мен Жетісу облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласып, жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтау, бағытты жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеру және мүмкіндігінше шұғыл қажеттілік болмаса, ұзақ жолға шықпауға кеңес берілді.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 22–24 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жария етті. Синоптиктер алдағы үш күнде аяз батыстан басталып, оңтүстікке қарай жылжитынын айтты.