Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша желдің күшейіп, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Астанада — құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 13… 15 °C, күндіз 23… 25 °C.
Алматыда — құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде 19… 21 °C, күндіз 29… 31 °C.
Шымкентте — құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 19… 21 °C, күндіз 30… 32 °C.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет еліміз бойынша ауа райына байланысты ескерту жасағанын хабарлаған едік.