АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне орай қар жауып, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Содай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болад.ы. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі ықтимал.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 22 градус қатты аяз болады.
Осыған дейін еліміздің 10 қаласында ауа ластанатыны туралы жаздық.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.