Бүгін елдің біраз аумағында жаңбыр жауады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 29 қазан күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Антицклон жотасы Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды.

Елдің қалған аумағында солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжауынша, батыста жаңбыр құйып, түнгі уақытта оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар жауады. 

Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт болады, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -2°С-тан -4°C-қа дейін, күндіз 11°C-ден 13°C-қа дейін көтеріледі. 

Ал Алматыда аздаған жаңбыр жауады. Түнде 7°C 9°C, күндіз 15°C-ден 17 градусқа дейін жылы болады. 

Шымкент қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 9°С-тан 11°C-қа дейін, күндіз 19°C-ден 21°C-қа дейін болады.

Таразда найзағай ойнап, жауын жауады. Ауа температурасы 15 17°C-ді көрсетеді. 

Қызылордада күн бұлтты, күндіз 17 19°C-қа дейін болады. 

Айта кетейік, бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды.