Бүгін елдің біраз өңірі жауын-шашынсыз болады

Фото: Айгерім Амантаева / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 18 қараша күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағындағы антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек еліміздің батысында жаңбыр, қар жаууы мүмкін.

Еліміздің біраз аймағында тұман түсіп, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Сондай-ақ шығыс өңірлерде аяз болады. 

Астана қаласында ауа температурасы +5+7 градусты көрсетеді. 

Алматыда +12+14 градусқа дейін күн жылы. Шымкент қаласында да күн ашық. Термометр +19+21°C-ді көрсетеді. 

Айта кетейік, биыл еліміздің басым бөлігінде қыс мезгілі қоңыржай жылы болады.