Бүгін елдің солтүстігінде қар, оңтүстігінде жауын жауады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады. ҚР бойынша тұман түседі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді.