Бүгін елдің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін еліміздің үш ірі мегаполисінде ауа райы қандай болатыны туралы жариялады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Астанада күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15... 17°C, күндіз 26... 28°C.

Алматыда күн ала бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15... 17°C, күндіз 28... 30°C.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 16... 18°C, күндіз 33... 35°C.

Ал кеше Қазгидромет республика бойынша найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел күтілетінін мәлім етті.

 Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде нөсер жауын болуы мүмкін, ал оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді, ал солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.