Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам – Ерлан Қошанов

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауында Ерлан Қошанов та өз таңдауын жасады.

Фото: Facebook/Ерлан Қошанов

- Құрметті достар! Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Қазақстандықтар жаңа Құрылтайдың депутаттарын сайлап жатыр. Бұл – жұртшылықтың кең қолдауына ие болған жаңа Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды реформалардың заңды нәтижесі, - деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ ол адамдар таңертеңнен бастап белсенді түрде дауыс беріп жатқанын атап өтті. Сайлауға отбасыларымен бірге келіп жатқандар көп. Бүкіл еліміз бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп сенемін.

- Баршаңызды сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық парыздарыңызды орындауға шақырамын. Қуатты, Әділетті, Прогрессивті Қазақстанды бірге құрайық! - деді ол.

Фото: Facebook/Ерлан Қошанов

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау жүріп жатыр. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді.