Өңірлер бойынша:
* Қостанай облысы – 1 өрт;
* «Семей орманы» МОТР – 1 өрт.
Өрт ошақтары РМҚК «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлерінің әуе патрульдеуі барысында дер кезінде анықталды.
Жедел әрекет ету және қажетті күштер мен құралдарды жұмылдыру нәтижесінде өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге РМҚК «Қазавиаорманқорғау» әуе өрт сөндіру қызметі мен мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері қатысты.
– Бірқатар өңірлерде аптап ыстықтың сақталуына байланысты өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр. Осыған орай табиғат аясында демалушылар мен орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, - делінген Экология министрлігі хабарламасында.
Айта кетейік, Ақтөбеде ірі құрылыс базарының қоймасы өртенді.