Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

«2025 жылғы 30 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Темиртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана, түнде Көкшетау қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, синоптиктердің 30 қазан күнгі болжамына сүйенсек, алдағы күндері республика аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның әсерінде болады. Ол еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен желдің күшеюін тудырады.