Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Кazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«2025 жылғы 22 қазанда Петропавл, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Астана, Көкшетау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды.