«2024 жылғы 25 желтоқсанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Қостанай қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.