Бүгін еліміздің 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды
07:10, 04 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2025 жылғы 4 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау және Ақтөбе қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, синоптиктер 4 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің басым бөлігінде қар жауатынын хабарлады.