Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы төмендейді

Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК елдің бірнеше қаласында ауа сапасы төмендейтінін хабарлады.

«2025 жылғы 19 қазанда Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

«Қазгидромет» 19 қазандағы ауа райы болжамын жариялады.