Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Фото: Pixabay

«2024 жылғы 11 ақпанда Ақтөбе, Астана, Ақтау, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.