Бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы төмендейді

Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 4 сәуірде Павлодар, Өскемен, Риддер, Семей, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскеменде экологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпорынға 20 млн теңге айыппұл салынды.

Ал Атыраудағы шаңды дауылға себеп болған 4 учаске анықталды.