Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа ластанады

Фото: pexels.com

Бүгін еліміздің 8 қаласында жайсыз метеорололгиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 15 желтоқсанда Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Риддер, Петропавловск, Көкшетау, Павлодар қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.