Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа ластанады

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның сегіз қаласындай жайсыз метеоролгиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

-2026 жылғы 4 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарладық.