Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

«2026 жылғы 24 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, синоптиктер ауа райына байланысты бүгін елдің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.