Қазгидромет ел аумағында 7 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.
Синоптиктердің дерегіне қарағанда, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Жауын-шашын, көбінесе солтүстікте қарлы бұрқасын түрінде, оңтүстік-шығыста көбінесе жаңбыр жауады. Еліміздің барлық аймағында тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжануда», — деп жазды ведомстводан.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.