Дерекке қарағанда, республиканың басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы болжанады.
Орталықта, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Тек батыста, солтүстік-батыста, елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі мүмкін, ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
- Күндіз Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында екпіні 30 м/с және одан да көп қатты жел тұрады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола, Қостанай облыстарының шығысында топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді, - деп жазды синоптиктер.
Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Жамбыл облысыныың солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді, тау бөктеріндегі аудандарда, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу облысытарының оңтүстік-шығысында, Абай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Айта кетейік, бұған дейін елімізге келген араб туристері жылдың төрт мезгілін де сезінуге болатынын айтқанын жазғанбыз.