— Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Мұндай ауа райы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күтіледі, — делінген хабарламада.
Тұман күтіледі. Таңертең Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.