Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етеді. Алдымен циклондардың ықпалы елдің батыс өңірлерінде байқалып, кейін қолайсыз ауа райы солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға таралады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, еліміздің солтүстігінде көктайғақ құбылыстары болжанады. Ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.
Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі.
Еске салсақ, бүгін Алматыда және тағы 2 қалада ауа сапасы нашарлайды.