Бүгін еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: Фото: pexels.com

6 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Кazinform. 

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.