Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды. Ең қатты жауын-шашын Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында күтіледі. Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында әлсіз жаңбыр жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында және Алматы облысында желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Таңертең Қостанай және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу және Алматы облыстарының таулы аймақтарында тұман түсуі мүмкін.
Айта кетейік, бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды.