Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
07:14, 06 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2026 жылғы 6 ақпанда Ақтөбе, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыдағы тексеріс кезінде әр екінші көлік экологиялық норманы бұзғаны белгілі болды.
Ал Жамбыл облысында қауіпті қалдықтарға қатысты заң бұзу анықталды.