Ведомство мәліметінше, өрт ошақтары «Казавиаорманқорғау» РМКҚ әуе патрульдеуі барысында және ерте анықтау жүйесі арқылы анықталды. Бұл орман қызметкерлері мен әуе десантшыларының өртті жедел оқшаулап, таралу жолының алдын алуға мүмкіндік берді.
— Орман қызметкерлері мен «Казавиаорманқорғау» РМКҚ қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында барлық қажетті техника жұмылдырылып, аз аумақты қамтыған өрт дереу сөндіріліп, аймаққа қауіп төнген жоқ, — делінген хабарламада.
Комитет өрт қаупі жоғары аумақтарда, жалпы табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздік шараларын, тазалықты қатаң сақтауға шақырды.
Бұған дейін 21 шілдеде Қазақстанның орман қоры аумағында 19 өрт сөндірілгенін жазғанбыз.