Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы төмендейді

Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

– 2025 жылғы 10 шілдеде Орал, Атырау, Ақтөбе қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматының өзен-көлдерінде су деңгейі көтеріліп, таулы аумақтарда тасқын болуы мүмкін.