Бүгін еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалдарының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Көлік министрлігі

Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында орындалды.

Фото: Көлік министрлігі

Қостанай облысында Аманқарағай (1961 жылы салынған) және Құсмұрын (1949 жылы салынған) вокзалдары жаңартылды.

Фото: Көлік министрлігі

Нысандарда ғимараттар толығымен қайта жаңартылып, шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді, заманауи желдету және өрт дабылы жүйелері орнатылды, іргелес аумақтар абаттандырылды.

Фото: Көлік министрлігі

Жолаушылар үшін заманауи санитарлық бөлмелер жабдықталып, вандалға қарсы креслолар орнатылған, тактильді навигация енгізілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалған.

Фото: Көлік министрлігі

Аманқарағай станциясында жағалау перроны ұзартылып, жарықтандыру мен жабынды жаңартылды.

Фото: Көлік министрлігі

Өңірде 13 жолаушылар пойызы қатынайды. 2026 жылдың басынан бері олардың қызметін 92,3 мың жолаушы пайдаланды.

Атырау облысында Ганюшкино және Аққыстау вокзалдарын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

Фото: Көлік министрлігі

Нысандарда қасбеттер мен ішкі үй-жайлар жаңартылып, инженерлік желілер мен шатырлар ауыстырылды, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды, іргелес аумақтар абаттандырылды.

Фото: Көлік министрлігі

Ганюшкино вокзалының ауданы 250-ден 713 шаршы метрге дейін ұлғайтылды, Аққыстау вокзалы 202-ден 215 шаршы метрге дейін ұлғайды.

Фото: Көлік министрлігі

Облыс аумағы бойынша 9 жолаушылар пойызы жүреді, 2026 жылдың басынан бастап 253,8 мың жолаушы тасымалданды.

Батыс Қазақстан облысында қайта жаңартудан кейін 1916 жылы салынған Семиглавый Мар вокзалы ашылды. Ғимаратта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кешені орындалды, инженерлік коммуникациялар жаңартылды және іргелес аумақ абаттандырылды.

Фото: Көлік министрлігі

Облыста 22 жолаушылар пойызы жүреді, оларды 2026 жылдың басынан бері 124,8 мың жолаушы пайдаланды.

Фото: Көлік министрлігі

Барлық жұмыс қазақстандық өндірістің заманауи құрылыс материалдарын пайдалана отырып орындалды.

— Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздіктің, қол жетімділіктің және жайлылықтың заманауи талаптарына сай келеді. Жобаларды іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірлердің тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын жаңғыртудан кейін Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдары қалай өзгеретінін жазғанбыз.