Турнирдің алғашқы күнінде пара таеквондошылар бақ сынайды.
Ал 28-29 қараша күндері таеквондодан Гран-при финалдарында таеквондошылар үздіктерді анықтайды.
Намысты дода 27–29 қараша күндері өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада таеквондодан Гран-при финалына (World Taekwondo Grand Prix Final) арналған баспасөз мәслихаты өткен болатын.
World Taekwondo ұйымының президенті халықаралық турнирді жоғары деңгейде ұймдастырып жатқан Қазақстан таеквондо федерациясына өз алғысын білдірген еді. Сонымен қатар, ол Астанадағы байрақты бәсекенің ерекшелігіне тоқталып, қазақстандық спортшыларға сәтіллік тіледі.