Бүгін Еуропа лигасының ширек финал ойындары басталады

Фото: Фото: Видеодан кадр/Qazsporttv

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Еуропа лигасы ширек финалының алғашқы тур ойындары өткізіледі.

Бұл күні 21:50-де «Легия» (Польша) мен «Челси» (Англия), 23:50-де «Лион» (Франция) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия) кездесулері «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 23:55-те жанкүйерлер «Qazaqstan» телеарнасынан «Тоттенхэм» (Англия) мен «Айнтрахт» (Германия) ойынын тамашалай алады. Тағы бір матчта «Бодо-Глимп» (Норвегия) пен «Лацио» (Италия) шеберлік байқасады.

Қарымта ойындар 17 сәуірге белгіленген. Ал жартылай финал 1 мен 8 мамыр күндері өткізілсе, финал 21 мамырда Испанияның Бильбао қаласындағы «Сан-Мамес Баррия» стадионында болады.

Еуропа лигасы ойындары 2009 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Былтыр Италияның «Аталанта» командасы аталған турнирдің жеңімпазы атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы туры мәресіне жетті. Өз алаңында германиялық «Бавария» Италияның «Интеріне» 1:2 есебімен жол берсе, англиялық «Арсенал» Испанияның «Реал Мадридінен» 3:0 есебімен басым түсті.

Ал испаниялық «Барселона» Германияның «Боруссия Дортмунд» клубын 4:0 есебімен жеңсе, франциялық «Пари Сен-Жермен» Англияның «Астон Вилласын» 3:1 есебімен жеңді.