АСТАНА. KAZINFORM - Биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отырған клубтар бұл турда да ұпай қорын молайтуға тырысады.
Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық. Он бір турдан кейін шымкенттік БИИК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.
Оныншы турдың ойын кестесі:
«Астана» - «Қайрат» (Алматы)
«Тобыл» (Қостанай) - «Жетісу» (Талдықорған)
«Елімай» (Семей) - «Жеңіс» (Астана)
«Ақтөбе» - «Қызылжар» (Петроппавл)
БИІК (Шымкент) - «Томирис-Тұран» (Түркістан)
«Қайсар» (Қызылорда) - «Оқжетпес» (Көкшетау).
Бұл турдағы жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында «Атырауды» 10:1 есебімен жеңді.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.