АСТАНА. KAZINFORM — Аталған тур ойындары 10-11 шілде күндеріне белгіленген. Бүгін, 10 шілдеде «Ақтөбе-2» мен «SD Family» (Астана), «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Хан тәңірі» (Алматы), AKAS (Алматы) пен «Тараз» ойнайды.
Ал 11 шілдеде «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау), «Қайрат-2» (Алматы) мен «Түркістан», «Ертіс» (Павлодар) пен «Алтай» (Өскемен) ойнайды.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Он бір турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Рамазан Оразов «Елімай» сапына қосылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.