АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 22 мамырда футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 7-тур ойындары басталады.
Аталған тур ойындары 22-23 мамыр күндеріне белгіленген.
Бүгін, 22 мамырда «SD Family» (Астана) мен «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар) пен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Қайрат-2» (Алматы) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойнайды.
Ал 23 мамырда «Ақтөбе-2» (Алматы) мен AKAS (Алматы), «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Жетісай» (Түркістан облысы), «Түркістан» мен «Алтай» (Өскемен), «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Тараз» ойнайды.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Алты турдан кейін «Каспий», «Шахтер», «Ертіс» командалары алғашқы үш орынды өзара бөлісіп тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.