АСТАНА. KAZINFORM - Аталған тур ойындары 2-3 қазан күндеріне белгіленген.Бүгін, 2 қазанда «Ақтөбе-2» (Павлодар) мен «Түркістан», «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «SD Family» (Астана), AKAS (Алматы) пен «Академия Оңтүстік» (Шымкент шеберлік байқасады.
Ал 3 қазанда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тараз», «Қайрат-2» (Алматы) мен «Каспий» (Ақтау), «Жетісай» (Түркістан облысы) «Алтай» (Өскемен), «Ертіс» (Павлодар облысы) бен «Хан тәңірі» (Алматы) шеберлік байқасады.
Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Алтай», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Жиырма үш турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Алтай», «Шахтер» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Ертіс» қарсыласын ірі есеппен жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.