Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІІІ тур ойындары өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Аталған тур ойындары 25-26 қыркүйек күндеріне белгіленген.
Бүгін, 25 қыркүйекте «SD Family» (Астана) мен «Ертіс» (Павлодар), «Академия Оңтүстік» (Шымкент) пен «Шахтер» (Қарағанды), «Түркістан» мен «Екібастұз» (Павлодар облысы) шеберлік байқасады.
Ал 26 қыркүйекте «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе-2», «Алтай» (Өскемен) мен «Хан тәңірі» (Алматы), «Жетісай» (Түркістан облысы) мен AKAS (Алматы), «Тараз» бен «Қайрат-2» (Алматы) шеберлік байқасады.
Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Жиырма екі турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған ІХ-турының соңғы ойынында «Тобыл» өз алаңында «Ордабасыны» сүріндірді.