АСТАНА. KAZINFORM — Аталған тур ойындары 10-12 қыркүйек күндеріне белгіленген. Бүгін, 11 қыркүйекте «Академия Оңтүстік» (Шымкент) пен «Ақтөбе-2», «Түркістан» мен «Хан тәңірі» (Алматы), AKAS (Алматы) пен «Шахтер» (Қарағанды) шеберлік байқасады.
Ал 12 қыркүйекте «Алтай» (Өскемен) мен «SD Family» (Астана), «Каспий» (Ақтау) мен «Ертіс» (Павлодар), «Тараз» бен «Екібастұз» (Павлодар облысы) ойнайды.
Бұл турда Түркістан облысының «Жетісайы» өз алаңында алматылық «Қайрат-2» командасын 1:0 есебімен жеңді.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Жиырма турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Тәжікстанмен 1:1 есебімен тең ойнады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.