Бүгін футболдан Бірінші лиганың ХIХ тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM - Аталған тур ойындары 21-22 тамыз күндеріне белгіленген.
Бүгін, 21 тамызда «Академия Оңтүстік» (Шымкент) пен «Ертіс» (Павлодар), AKAS (Алматы) пен «Ақтөбе-2», «Алтай» (Өскемен) мен «Түркістан» ойнайды.
Ал 22 тамызда «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайрат-2» (Алматы), «Каспий» (Ақтау) мен «SD Family» (Астана), «Тараз» бен «Хан тәңірі» (Алматы) ойнайды.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Он тоғыз турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін екі кездесуге шақыртылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.