Бүгін футболдан Бірінші лиганың VІ тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл тур ойындары 14 және 15 мамыр күндері өткізіледі.

Фото: «Шахтер» футбол клубы

Биыл түркістандық «Тұран», қарағандылық «Шахтер» және Жамбыл облысының «Тараз» командалары Премьер-лигаға берілетін жолдамадан басты үміткерлер қатарында саналады.

14 мамыр

  • 14:00. «Тобыл-2» (Қостанай) - «Астана-2» 
  • 16:00. «Елімай-2» (Семей) - «Каспий-2» (Ақтау)
  • 17:00. «Тұран» (Түркістан) - «Тараз» 

15 мамыр

  • 14:00. «Шахтер» (Қарағанды облысы) - «Ақтөбе-2» 
  • 16:00. «Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Қайрат-2» (Алматы)
  • 16:00. «Арыс» (Түркістан облысы) - «Хан тәңірі» (Алматы)
  • 17:00. «Жайық» (Орал) - «Батыр» (Павлодар облысы)

Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Қазір турнир кестесінде 13 ұпаймен «Шахтер» командасы келеді. Ал одан кейінгі орындардағы «Тұранның» 12, «Қайрат-2» клубының 11, «Тараз» бен «Академия Оңтүстіктің» 10 ұпайы бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды.