Бүгін футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы алғашқы екі ойын өткізіледі

Фото: Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы алғашқы екі ойын өткізіледі.

Бүгін, 13 ақпанда «Лейпциг» (Германия) пен «Реал Мадрид» (Испания) ойнайды. Кездесу «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде 01:50-де көрсетіледі. 

Дәл осы уақытта «Qazsport» телеарнасынан «Копенгаген» (Дания) мен «Манчестер Сити» (Англия) ойыны жанкүйер назарына ұсынылады. 

Ал 14 ақпанда «Лацио» (Италия) мен «Бавария» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Реал Сосьедад» (Испания) командалары шеберлік байқасады. 

Сондай-ақ, 20 ақпанда «Интер» (Италия) мен «Атлетико Мадрид» (Испания), ПСВ (Нидерланд) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), 21 ақпанда «Наполи» (Италия) мен «Барселона» (Испания), «Порту» (Португалия) мен «Арсенал» (Англия) ойнайды.

Айта кетсек, 2023 жылы Англияның «Манчестер Сити» клубы өз тарихында тұңғыш мәрте Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды.

Ағылшындық клуб финалда Италияның «Интер» командасынан 1:0 есебімен басым түсті.