Бүгін футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы туры басталады
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы туры өтеді, деп хабарлайды Kazinform.
Бүгін, 12 желтоқсанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында А, В, С, D топтарында өнер көрсететін командалар төртінші тур ойындарын өткізеді.
Олардың қатарында «Бавария», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Реал Мадрид» секілді Еуропаның үздік клубтары бар.
А тобы: «Бавария» (Германия) - «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Копенгаген» (Дания) - «Галатасарай» (Түркия). «Qazsport». 23:35.
В тобы: «Ланс» (Франция) - «Севилья» (Испания), ПСВ (Нидерланд) - «Арсенал» (Англия)
С тобы: «Наполи». (Италия) - «Спортиг Брага» (Португалия), «Унион Берлин» (Германия) - «Реал Мадрид» (Испания).
D тобы: «Интер» (Италия) - «Реал Сосьедад» (Испания), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Бенфика» (Португалия).
Ал 13 желтоқсанда E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездеседі. Олардың қатарында «Пари Сен-Жермен», «Манчестер Сити», «Барселона» (Испания) клубтары бар.
E тобы: «Cелтик» (Шотландия) - «Фейенорд» (Нидерланд), «Атлетико Мадрид» (Испания) - «Лацио» (Италия)
F тобы: «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) - «Милан» (Италия), «Боруссия Дортмунд» (Германия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция)
G тобы: «РБ Лейпциг» (Германия) - «Янг Бойз» (Швейцария), «Црвена Звезда» (Сербия) - «Манчестер Сити» (Англия)
H тобы: «Порту» (Португалия) - «Шахтер Донецк» (Украина), «Антверпен» (Бельгия) - «Барселона» (Испания).
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Euro-2024 жеребесі тартылып, Қазақстанның ықтимал қарсыластары анықталды.