12 қазанда А, D, E, I топтарында ойындар өткізіледі.
Қызық кездесудің бірі А тобындағы Испания мен Шотландия құрамалары арасында болады деп күтіліп отыр.
Екі құрама А тобында көш басында тұр. Әзірге 15 ұпаймен Шотландия бірінші орында тұрса, Испания 9 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.
Аталған ойын 12 қазаннан 13-не қараған түні сағат 00.35-те «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ, бұл топта Кипр мен Норвегия кездесуі болады.
Ал D тобында Хорватия мен Түркия ( «Qazsport». 00:35), Латвия мен Армения, E тобында Фарер аралдары мен Польша, Албания мен Чехия шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, I тобында Андорра мен Косово, Беларусь пен Румыния, Израиль мен Швейцария ойнайды.
Айта кетсек, 14 қазаннан 15-не қараған түні елорда уақытымен 00:35-де Қазақстан құрамасының Данияға қарсы кездесуі «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.