Бүгін футболдан Еуропа лигасы екінші тур ойындары өтеді

Фото: UEFA.com

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы негізгі кезеңіндегі екінші тур ойындары өтеді.

Жарыстың аталған сатысында барлығы 36 команда сынға түседі. Олардың әрбірі 8 ойыннан өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында, қалғаны сырт алаңда өтеді.

Ойындар кестесі:

«Селтик» (Шотландия) — «Спортинг Брага» (Португалия)
«Рома» (Италия) — «Лилль» (Франция)
«Болонья» (Италия) — «Фрайбург» (Германия)
«Виктория Пльзень» (Чехия) — «Мальмё» (Швеция)
«Бранн» (Норвегия) — «Утрехт» (Нидерланд)
«Фенербахче» (Түркия) — «Ницца» (Франция)
ФКСБ (Румыния) — «Янг Бойз» (Швейцария)
«Панатинаикос» (Грекия) — «Гоу Эхед Иглс» (Нидерланд)
«Лудогорец» (Болгария) — «Реал Бетис» (Испания).
«Порту» (Португалия) — «Црвена Звезда» (Сербия)
«Ноттингем Форест» (Англия) — «Мидтьюлланн» (Дания)
«Базель» (Швейцария) — «Штутгарт» (Германия)
«Фейеноорд» (Нидерланд) — «Астон Вилла» (Англия)
«Генк» (Бельгия) — «Ференцварош» (Венгрия)
«Маккаби Тель-Авив» (Израиль) — «Динамо Загреб» (Хорватия)
«Лион» (Франция) — «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия)
«Сельта» (Испания) — ПАОК (Грекия)
«Штурм» (Аустия) — «Реал Бетис» (Испания).

Алғашқы тур ойындары 24, 25 қыркүйек күні өткізілсе, екінші тур — 2 қазан, үшінші тур — 23 қазан, төртінші тур — 6 қараша, бесінші тур — 27 қараша, алтыншы тур — 11 желтоқсан, жетінші тур — 22 қаңтар, сегізінші тур — 29 қаңтарға белгіленген.

Ал плей-офф сатысындағы ойындар 19-26 ақпан, 1/8 финал — 12-19 наурыз, ¼ финал — 9-16 сәуір, жартылай финал — 30 сәуір-7 мамыр, финал 20 мамырға белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турында «Барселона» өз алаңында «Пари Сен-Жерменге» есе жіберді.