АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалы басталады. Жеңімпаз команда бір ойынның нәтижесі арқылы белгілі болады.
Жарыстың аталған сатысында Премьер-лигада сынға түсіп жатқан 13 команда сапына алғашқы екі іріктеу кезеңінен іркілмей өткен 3 клуб қосылды. Олардың қатарында «Оңтүстік академия» (Шымкент), «Тараз», SD Family (Астана) командалары бар.
13 сәуірде сағат 14.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай), «Атырау» мен SD Family (Астана), 16:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Астана», 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Тұран» (Түркістан) командалары кездеседі.
Ал 14 сәуірде 14:00-де «Тараз» бен «Ордабасы» (Шымкент), «Оңтүстік академия» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл), 16:00-де «Елімай» (Семей) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.
Одан кейін 8 мамырда 1/4 финал болса, 1/2 финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізіледі. Финал 29 қыркүйекке белгіленген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.