АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады. Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 29 және 30 қыркүйек күндеріне белгіленген.
29 қыркүйекте Бразилия мен Марокко, Украина мен Венесуэла кездессе, 30 қыркүйекте Қазақстан мен Аргентина, Франция мен Парагвай құрамалары ойнайды.
Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді.
Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.
Одан кейін 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан құрамасы 30 қыркүйек күні 2016 жылғы әлем чемпионы Аргентинаға қарсы ойнайды.
Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған командалар Бразилия, Украина, Парагвай, Венесуэла, Морокко, Қазақстан, Франция және Аргентина.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.