Бүгін Хиуа қаласында Орталық Азия елдерінің екінші парламентаралық форумы басталады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бүгін ежелгі Хорезм жері Хиуа қаласында Орталық Азия елдерінің екінші парламентаралық форумы жұмысын бастайды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі UzА агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: Uza.uz

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан парламенттерінің жетекшілері мен делегациялары, оның ішінде жастар парламенті мен топтары, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

«Форумның мақсаты – Орталық Азия елдері арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту, парламентаралық комиссиялардың, достық топтарының, мемлекеттік биліктің өкілді органдарының, жастар парламенттері мен әйелдердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуын кеңейту», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркі әлемінің ортақ әліпбиі комиссиясы 34 әріптен тұратын үлгі ұсынғанын хабарлаған едік. 

Бегабат ҰЗАҚОВ