Бүгін хоккейден әлем чемпионатында төртінші ойын күні өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионаты төртінші ойын күні, 18 мамырда төрт кездесу өткізіледі.

Фото: : iihf.com

Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген.

А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.

Ойындар кестесі

18 мамыр

19:20. Канада - Дания
19:20. Финляндия - АҚШ
23:20. Германия - Швейцария
23:20. Швеция - Чехия.

Кеше, 17 мамырға белгіленген алты ойынның нәтижесі белгілі болды.

Ойындар нәтижесі
Ұлыбритания - АҚШ 1:5
Италия - Словакия 1:4
Аустрия - Венгрия 4:2
Дания - Швеция 2:6
Германия - Латвия 0:2
Норвегия - Словения 4:0.

16 мамырда өткен ойындарда Канада - 28, Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.